Қазақстандық ару бокстан әлем чемпионатында алдын жүлдеге ие болды

A
aigerakain
04 ноября 2024

Елянұр Тұрғанова
Shutterstock: AtlasStudio

Қазақстандық боксшы Елянұр Тұрғанова Будвада (Черногория) өткен 2024 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатында елге төртінші алтын медаль алып келді.

Финалда 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Тұрғанова IBA бейтарап спортшылар құрамасының атынан шыққан ирландиялық Карла Пик-пен жекпе-жек өткізіп, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті. Екінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді.

Осылайша, Елянұр Тұрғанова жастар арасында әлем чемпионы атанды.

Естеріңе сала кетейік, бокстан Қазақстан құрамасы үш алтын медаль жеңіп алды: Төрехан Сабырхан (67 кг), Санжарәлі Бегалиев (75 кг) және Аружан Зейнуллаева (81 кг) әлем чемпионы атанды.


Фото: Shutterstock

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше