EF Education First деректеріне сәйкес, Қазақстан ағылшын тілін меңгеру рейтингінде 113-тен 104-ші орынды иеленді. Өткен жылмен салыстырғанда біздің еліміз бес позицияға төмендеді.
Бұрынғы КСРО елдерінің ішінде ағылшын тілін білу деңгейі бойынша біз соңғы орында тұрмыз. Тек Тәжікстандағы жағдай біздікінен де нашар.
Рейтингтегі алғашқы позицияларда Нидерланды, Сингапур және Австрия мемлекеттері. Тізімді Конго Демократиялық Республикасы аяқтайды.
Education First — Швейцарияда орналасқан және әлемнің әртүрлі елдерінде ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында тілдік оқытуға, тестілеуге және зерттеуге маманданған халықаралық білім беру ұйымы. 2023 жылы EF standard English Test тілін меңгеру бойынша онлайн-тестілеуден өтуге дайындығын әлем бойынша 2,2 миллионнан астам адам білдірді.