Бокстан экс-чемпион Бейбіт Шүменов екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты мәлімдеді
Естеріңе сала кетейік, бұған дейін Астана кафесінің бірінде ер адамды баласымен ұрып-соғып жатқан бейне желіде тарап кетті. Кейін ІІМ соққыға жыққан бокстан әлемнің бұрынғы чемпионы Бейбіт Шүменов екенін растады.
«Жәбірленушінің адвокаты тергеу резонанстан кейін жүргізіле бастағанын атап өтті. Алайда, құқық қорғау органдары істі бастауға асықпады»,
дейді адвокат Қанат Тілеужан.
«Шабуылдаушының іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылықтың себептері көрінетіндігінің белгілеріне байланысты бірнеше рет жасалған өтініштер назардан тыс қалды. Бұқаралық ақпарат құралдары қосылып, бұл бейне көпшілікке жария болғаннан кейін ғана жедел жауап болды. Кешеден бастап сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды»,
деді адвокат Қанат Тілеужан.
Фото: Instagram