
Егер, сен қастарыңды өсіре алмасаң, онда бұл дұрыс емес тәртіп деген сөз. Қалың қастардың кейбір жаулары мүлдем айқын емес.
Егер сен Кара Делевинге қызғанышпен қарайтын болсаң және 10 жыл бойы қастарыңды өсіруге тырыссаң, бірақ ештеңе шықпаса, оның себебін біл.
Қас сарапшысы және танымал Rubis Tweezers компаниясының бас директоры Фидес Балдесбергер былай деп сендіреді: шаш өсуінің болмауы сенің қас күтімінде қателіктер жіберіп жатқаныңды көрсетеді. «Әрине, көп нәрсе генетикаға байланысты, бірақ егер жаңа шаштар пайда болмаса немесе олар тез түсіп кетсе, сен күтімді өзгертуің керек», — дейді ол.

Міне, сен жіберген төрт қателік:
- Сен қастарыңа «күтім жасайсың». Бұл сөзбен Фидес жұлуды (тіпті қастың астындағы түктерді) арнайы жойғыш заттармен алуды айтып тұр. «Қастарыңды жұлма, қырма, балауыз қолданба — шаштың толық жаңару циклі өтуі үшін оларға 6-8 апта бойы тиіспе. Содан кейін ғана формамен тәжірибе жаса», — дейді ол.
- Сен ұйқыға арналған бетперде қолданбайсың. Иә, ол сенің қастарыңның түсуіне жол бермейді. «Сен ұйықтап жатқанда, шаш пен төсек-орын арасындағы үйкеліс қастың ойылуына әкелуі мүмкін. Ұйқы маскасы шаштың түсуінен тамаша қорғайды», — дейді Фидес.
- Сен қасқа арналған құралдарды қолданбайсың. Егер сен шашыңды өсіргің келсе, бірақ ол өспесе, оған қосымша әдістермен көмектесу маңызды: «қастарыңды өсіру үшін сарысуларды пайдалану — қалыңдатудың тамаша тәсілі». Біз қастарды допингсіз өсіргіміз келетінін түсінеміз, бірақ егер олар өспесе, бізге тағы не қалады?
- Сен қастарыңа кремдер мен вазелин жағасың. Бет терісіне ылғалдандырғыштарды қолданған кезде, олар көбінесе қастарға түседі. Өнімдер шашты ауырлатады, бұл шаштың түсуіне әкелуі мүмкін. Бірақ, егер сен кремдерді қолданған кезде ешқандай реакция сезінбесең, жалғастыра бер.
Фото: Pexels