
Басты рөлді Сергей Жуков сомдайды. Музыкант продюсер, композитор және сценарий авторы ретінде қызмет етеді.
Жобаның түсірілім тобын қазақстандық режиссер Асқар Ұзабаев басқарды. Ол Алматыда дүниеге келген. «Ғашық жүрек»фильмі мен «Вузеры» сериалының арқасында танымал болды .
Картинаның сюжеті бойынша «Руки Вверх» тобының үлкен концерті барасында Сергей Жуковқа қастандық жасалады. Әнші оқтан қашып үлгереді. Аға тергеуші Павлов қылмыскерді Жуковтың өткен өмірінен іздеу керек екеніне сенімді болады. Ол топтың тарихын еске түсіру және музыканттың өмірбаянынан жаңа фактілерді білу арқылы қастандық құпиясын ашуы керек.
Фильмде Екатерина Климова, Виктория Полторак, Олег Алмазов, Артем Осипов, Федор Лавров, Михаил Полицеймако, Валентина Ляпина және тағы басқа актерлар ойнайды. Туындының түсірілімі Сергей Жуковтың туған қаласы Димитровградта (Ульяновск облысы) басталды.
Ақпарат көзі: Diapozon KZ