Артық салмақтан жаттығу мен емдәмсіз арылудың 5 жолы

от aigerakain
Опубликовано: 18 января 2024, 12:56
Instagram: aloyoga

Фитнес жаттықтырушылары салмақ жоғалтуға көмектесетін құпияларды ашады.

Денені ретке келтіру үшін сен дұрыс тамақтануды таңдап, кем дегенде физикалық белсенділік деңгейіңді  сәл арттыруы керек. Бірақ, фитнес жаттықтырушылары New York Post газетіне берген сұхбатында бұл процесті тұрмыстық лайфхактар арқылы жылдамдатуға болатынын айтады. Міне, олардың ең тиімді бесеуі:

  1. Көбірек күл. Жағымды ақпараттан бастайық — канадалық жеке жаттықтырушы Майкл Гамлин күніне 10-15 минут күлу 40 калорияға дейін кетіретінін айтады. «Сен күлген кезде денеңнің бұлшық еттері жиырылып, кеңейеді, бұл жүрек соғу жиілігін және оттегін тұтынуды арттырады. Тиісінше, калориялар кетеді», – деді Хармлин. Сонымен қатар, күлу стресс деңгейін төмендетуі мүмкін.
  2. Баратын жеріңнен көлікті алыс қой. Фитнес-жаттықтырушы Эндрю Блейки бұл көбірек жүру әдетін енгізуге көмектеседі деп санайды, бұл да артық калориядан арылуға көмектеседі.
  3. Тамақтанғаннан кейін серуенде. Фитнес жаттықтырушысы Энн Мюррей: «Тамақтан кейін серуендегенде, сен қандағы қантты төмендету арқылы тамақтан энергияны босатасың», – дейді.
  4. Үй жұмыстарымен айналыс. Егер сен білмесең, 30 минут шаңсорғышпен үй тазалау 99 калорияны жоя алады. Дене пішініне пайдалы қимылдар тізіміне ыдыс жуу және жиһазды қайта құру кіреді.
  5. Ұйқыңды қандыр. «Сапалы ұйқы гормоналды фонды қалыпқа келтіреді, атап айтқанда кортизол деңгейін төмендетеді, бұл жоғарылаған кезде майдың көбеюіне әкеледі», – деп қосады сарапшылар.

Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше