
Instagram: @archibaaalt
Archibaaalt деген атпен танымал қазақстандық блогер Артур Асқарұлы мен оның қалыңдығы некелерін қиды. Өмірлеріндегі маңызды күнде түскен суреттерді жас жұп Instagram-да жариялады.
Жақында атақты тележүргізуші Гүлмира Дайрабаеваның ұлы, танымал блогер Артур Асқарұлы Көлсайда сүйіктісіне романтикалық атмосферада өмірлік жары болуға ұсыныс жасады. Қыз бірден келісті.
Жастар мұсылман әдет-ғұрыптары бойынша ерлі-зайыпты атанды. «Неке қию» рәсімінде жасалған суреттер олардың блогтарында пайда болды.
«Біз енді күйеуі мен әйеліміз»,
деп жазды Артур
Оқырмандары, соның ішінде шоу-бизнес жұлдыздары ғашықтарды маңызды күнімен құттықтады.
«Оқиғалардың жылдамдығын ескерсек, ертең үйлену тойы болуы керек», «Сене алар емеспін», «Дұрыс, созудың қажеті жоқ, бақытты бол», «Біз сіз үшін өте қуаныштымыз», - деп жазды желі қолданушылары.
Фото: Instagram