
Қай жұлдыз-жорамал өкілдерін махаббат хикаясы күтуде?
Апта тұрақсыз болмақ. Кездейсоқ кездесулер, жұмыс жоспараның бұзылуы, түрлі эмоцияларды бастан кешіру – осының бәрін біз дайындаған барлық жұлдыз жорамал өкілдеріне арналған апталық болжамнан оқи аласыз.
Тоқты
Тоқтылардың сенімділігі төмендейді, бұл белгі үшін мүлдем тән емес. Қос жағдай белгінің өкілдерін кідіртуге және басқалардың пікірін тыңдауға мәжбүр етеді. Бірақ сіз тым ұзақ ойланбауыңыз керек, шешім қабылдауға міндеттісіз. Бұл жерде эмоцияға берілмеу маңызды.
Торпақ
Торпақтар осы аптада бәріне қарсы шығатын болады. Көтеріліс рухы оянады, эмоциялар басым болады және қиын жағдайға түсу қаупі бар, одан көмексіз шығу мүмкін болмайды. Туыстармен түсініспеушілік, жанжал болуы мүмкін.
Егіздер
5 қыркүйектен 11 қыркүйекке дейінгі аптада егіздерді тыныштық пен жақсы эмоциялар күтіп тұр. Жаздың соңы сіз үшін шиеленісті болды, демалуға уақыт келді. Достарыңызбен кездесуге, жақсы жаңалықтар алуға және жиі күлімдеуге дайын болыңыз.
Шаян
Жақын адамдарыңыздан түсініспеушіліктерге тап болуыңыз мүмкін. Эмоцияға берілмей, қарсыластың көзқарасын тыңдауға тырысыңыз. Мүмкін сіз тым көп қамқорлық танытып қойдыңыз. Осы жайлы ойланыңыз.
Арыстан
Айқындық пен тұрақтандыру кезеңі келеді. Қайда, кіммен және қандай қарқынмен жүру керектігін түсіну сіз үшін нағыз жаңалық болады. Қарыздарды жабуға қолайлы уақыт.
Бикеш
Айдың ең қиын апталарының бірі. Сізге бір уақытта көптеген мәселелерді шешуге тура келеді. Эмоцияға берілмей, сабырмен қарасаңыз оң нәтижеге жетесіз. Бикеш еркек қауымының назарында болады. Романтикалық сәттер де болуы әбден мүмкін.
Таразы
Барлығын өзіңізге алудың қажеті жоқ, өз мүмкіндіктеріңізді байсалды түрде бағалаңыз. Адал емес жолмен шешімге келмейсіз ,керісінше көп нәрсе жоғалтасыз. Ішкі тепе-теңдікке көңіл бөліңіз.
Сарышаян
Сіз жұмысқа байланысты маңызды таңдау жасау керек боласыз. Жаныңыз өзгерістерді қалайтын болады. Қосымша ақша табу мүмкіндігі болады, тек барлығын саралап алғаныңыз дұрыс.
Мерген
Романтикаға көңіл бөлетін уақыт келді. Иә, иә, осы аптада жеке өміріңізде өзгерістер болады. Осы қүркүйектің жылы күндері сізді кездесулер, тәтті, жағымды тосын сыйлар күтіп тұр.
Тауешкі
Сіз достарыңызбен жағымсыз жағдайға тап боласыз, өте сақ болыңыз. Ойланып шешім қабылдаңыз. Жұмыста басшылықпен келіспеушіліктер туындауы мүмкін және уәделер орындалмауы мүмкін. Байсалды болыңыз.
Суқұйғыш
Аптаның басында бәрі құрдымға кеткендей көрінуі мүмкін. Бірақ дұрыс жоспарлау арқылы бәрін шеше аласыз. Бір істі аяқтамай екіншісіне көшпеңіз.
Балықтар
Шығармашылық жоспарларыңыз еріншек болмасаңыз жүзеге асады. Апта басында күшіңіз болмай, әлсіздік басады, бірақ бұл әлсіздікке бой алдырмаңыз, жиналыңыз. Тәртіп сізді жақсы нәтижеге әкеледі.
Фото: Unsplash