
Кола Гана (Kolo Gana) атымен өнер көрсететін АҚШ тұрғыны рэп-трек жазу үшін «Аманат» атты қазақстандық Hassak тобының трегін пайдаланды.
Музыкант өзінің речитативіне семпл (шағын цифрланған дыбыстық фрагмент) және бит жасау процесін көрсетті.
«Шабыт үшін рахмет, Қазақстан. Мен жаңа рэп-хитім үшін қазақ музыкасын қолдандым»,
деді ол.
Айта кету керек, Коло Гана басқа мәдениеттер мен елдердің музыкасынан семплдерді пайдаланады.
Фото: Instagram