Алимент төлемегені үшін қанша қазақстандық іздеуде жүр

от aigerakain
Опубликовано: 19 октября 2023, 10:30
Unsplash: Mathieu Stern

ҚР Бас прокуратурасы алимент төлемегендіктен қанша қазақстандық іздеуде екендігі және мұндай жағдайлардың қай өңірлерде көп болатындығы туралы ақпаратпен бөлісті.

18 қазанда Бас прокуратурада хабарлағандай, Қазақстанда алимент төлемегені үшін 1618 адам іздеуде. Олардың ішінде 142 әйел бар. Іздеуде жүргендер 31 жастан 40 жасқа дейін.

Алимент төлемей жүргендердің көбі Астанада (361), екінші орында — Алматы (191), үшінші орында — Ақтөбе облысы (143). Ағымдағы жылдың тоғыз айында сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 139-бабы бойынша 427 қылмыстық іс тіркелді. Маңғыстау, Алматы, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында алименттерді қасақана төлемеудің жаңа жағдайлары жиі кездеседі.

Жыл басынан бері ҚР ҚК 139-бабы бойынша 207 қазақстандық сотталды, оның төртеуі нақты мерзімге, екеуі шартты мерзімге. Сотталғандардың көпшілігіне бас бостандығын шектеуге үкім шығарылды. Жалпы алимент бойынша сот орындаушыларының өндірісінде 309 670 атқарушылық іс жүргізілді.

«Қылмыстық кодекстің 139 — бабы бойынша қоғамдық жұмыстарға алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге тарту, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген»,

деп еске салды Бас прокуратура.

Фото: Unsplash

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше