Аяқтарды қалай ұзын қылып көрсетуге болады: 5 стилистикалық әдіс

от aigerakain
Опубликовано: 17 августа 2023, 15:08
Instagram: hoskelsa

Қалай ұзынырақ көріну болады деген сұрақ әр маусымда туындайды. Басында пайда болатын бірінші жауап — өкшелі аяқ киім.

Бірақ, олармен өздерін жайлы сезінетіндер аз. Сонымен, сен өзіңнің ыңғайлылығыңды жоғалтпай қалай ұзын болып көріне аласың? Төменде стилистикалық әдістермен бөлістік.

Белі жоғары киім

Қазіргі уақытта киімді жамбастың төмендетіп кию тренд екенін бәріміз білеміз. Дегенмен, оны ыңғайлы деп санайтындар аз. Сондықтан, біз сізге белде жақсы тұратын модельдерге назар аударуға кеңес береміз. Олар денеңінің кемшіліктерін жасырып қана қоймай, аяқтарды ұзартады. Танымал baggy джинсы сияқты кең модельдер әсіресе жақсы көрінеді. Оларды София Ричи, Маржан MMC, Джей Ло және басқалардан көруге болады. Оларды барлық киіммен үйлестіріп киюге болады. 

Тік жолақ

Осы жазда тік жолақты түрлі-түсті шалбар —  маусымда musthave. Олар өте жеңіл және еркін көрінеді және олар саған ыңғайлы болады. Айтпақшы, жұқа тік жолақты заттар, әсіресе костюм матасында — алдағы маусымның үлкен тренді. Тек Saint Laurent, Stella McCartney және басқалардың күзгі-қысқы топтамаларын қарау керек. Мата мен стильді дұрыс таңдағанда, мұндай заттарды кеңсеге де, жай серуендеуге де киюге болады.

Үшкір аяқ-киім

Айқын, бірақ өте маңызды әдіс — өткір тұмсығы бар аяқ киімді таңда. Міндетті түрде өкшелі аяқ киім емес, лоферлерге, кішкентай өкшелі аяқ-киімдерге назар аудар. Мұндай модельдерді кез-келген жерден табуға болады: олар қазір танымалдылықтың шыңында. Аяқтарды одан да ұзағырақ ету үшін шалбардың түсіне сәйкес келетін аяқ киімді таңда.

Монохром

Соңғы идеяны жалғастыра отырып, саған бір реңктегі тотал-аутфитты киюді ұсынамыз. Мысалы, егер сен бірдей түсті костюм кисең: блейзер/топ және шалбар, содан кейін аяқтарың визуалды түрде ұзағырақ көрінеді. Монохроматикалық көрініс сені ұзын етіп көрсетеді. Ең бастысы, шалбардың обықты жабатындай ұзын екеніне көз жеткіз, әйтпесе барлық әсер жоғалады.

Тік шалбар

Тік шалбарды таңдауға тырыс. Олардың жамбас пен тобықтағы ені әр түрлі болмауы керек. Аяқтың «созылу» әсерін жасайтын сызықшалары бар модельдер де өте қолайлы болады. Жіңішке көріну үшін қара реңктердегі шалбарды таңда. Бірақ, дұрыс стильдеумен (біз жоғарыда айтқан монохроматикалық көрініс), жеңіл модельдер де керемет көрінеді.


Фото: Instagram

Ақпарат көзі: U Magazine

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше