Өнер иесі фотосуреттерді Instagram желісіндегі парақшасына жариялаған. Кадрларда Айжұлдыз бөлме ішіндегі шыршаның жанында суретке түскен. Интерьерден кеңес дәуіріне тән жиһаздарды байқауға болады.
Ару ашық түсті көйлек, алтын түстес етік және ұзын қызыл қолғап киіп, ерекше образ жасаған.
Жазбасында ол алдағы жылға қатысты ойымен бөлісті:
«2025 жыл ескі, өткен шақты кілттеп, жаңа энергиямен, жаңа өзіңмен танысатын уақыт», –
деп жазды Айжұлдыз.
Сонымен қатар, актриса келе жатқан жылдың игі өзгерістерге, бейбітшілік пен мейірімге толы болуын тіледі.
«Бәрімізде береке, шынайылық, жаөсы жаңалықтар көп болуын тілеймін», –
деп қосты ол.
Фотосурет астында актрисаның жұбайы Сәкен Қағаров та пікір қалдырып, «Бұл – менің әйелім!» деп мақтанышпен жазды.
Желі қолданушылары да фотосессияға жоғары баға беріп, «Сиқырлы», «Өте әдемі», «Керемет образ» сынды жылы пікірлер қалдырған.
Фото: Instagram