Адамдардың есімдері мен жүздерін жақсы есте сақтауға арналған 5 ғылыми кеңес

A
aigerakain
26 июня 2023

Адамдардың есімдері мен жүздерін жақсы есте сақтауға арналған 5 ғылыми кеңес
Pexels: Ron Lach

Жаңа танысыңды кездестіргенде, оның есімін еске түсіре алмаған өте ыңғайсыз.

Немесе саған қажет адамның жүзін ұмытып қалатын кездер болады. Мұндай қиындықтарға тап болмас үшін есте сақтау қабілетін жаттықтыру маңызды. Материалда біз адамдардың есімдері мен келбеттерін жақсы есте сақтауға көмектесетін әдістер туралы айтамыз.

1. Мұны істей алатыныңа өзіңді сендір

Ұлыбританияның нейролингвистикалық бағдарламалау бойынша жаттықтырушының айтуынша, жүз бен есімді есте сақтау жаттығуларын бастау оның ішкі көзқарастарын өзгертуден тұрады. 

 «Мен бұрын кешіріңіз, менің есімдерді дұрыс есте сақтай алмаймын» деп айтатын адам едім. Содан кейін, іштей «Мен мұны істей алмаймын» деп айтатынын түсіндім. Жаңа адамдармен кездеспес бұрын өзіңе: «Мен есімдерді жақсы есте сақтаймын және мен оны әрқашан жасай аламын» деп айт.

2. Бірнеше рет есте сақта

Психологияда Эббингаузды ұмыту қисығы деген ұғым бар — ол мидың уақыт өте келе есте сақтау қабілетінің төмендеуін сипаттайды. Теория мынада: адам бірнеше күн немесе апта ішінде үйренген білімін қайталамаса, ол оны ұмытады. Көптеген адамдар жаңа таныстардың есімдерін олармен сөйлескеннен кейін 20 минут ішінде ұмыта бастайды.

Сондықтан, оларды жадта бірнеше рет сақтау керек. Сен сөйлескеннен кейін 15 минут ішінде кездескен адам туралы ойла. Сондай-ақ, кешке оның есімі мен келбетін ойыңа бірнеше рет ал. Кездесуден кейін сен ол туралы қысқаша жадынама жасай аласың: оның аты кім, адамның қандай ерекшеліктері бар, ол қайда жұмыс істейді, қандай тақырыптарды талқыладыңдар. Бұл ақпаратты телефондағы жазбаларға сақта.

3. Визуалды күшейткішті қолдан

Марк Чэннон, ми және есте сақтау жаттықтырушысы, визуалды күшейтуді қолдана отырып, есімдер мен келбеттерді есте сақтауды ұсынады. Егер, сенің жаңа досыңның аты Марк болса, оның маркерді алып, тақтаға өз атын жазғанын елестетіп көр. Егер, ол IT-де жұмыс істесе, кеңседе отырғанын және компьютерде теріп жатқанын елестетіп көр. Бұл әдіс тек тұлғалар мен есімдерді ғана емес, сонымен қатар, маңызды өмірбаяндық деректерді де есте сақтауға көмектеседі.

4. Сөйлесу кезінде адамның есімін жиі айтат 

Кез-келген ақпаратты дауыстап айтқан кезде оны есте сақтау оңайырақ болады. Сонымен қатар, көптеген адамдар әңгімелесу кезінде өз есімдерін естігенді ұнатады. НейробиологДжиллиан Коэн неліктен адамға оның есімін қолдана отырып сөйлесу керек екенін айтты:

Бұл жаңа нейрондық жолдардың пайда болуына әкеледі және өз кезегінде есте сақтау қабілетін жақсартады. «Танысқаныма қуаныштымын» деп айтудың орнына, «танысқаныма қуаныштымын, Анна» деп айт. Бұл аз ғана өзгеріс, бірақ, сенің миыңа қатты әсер етеді.

5. Мнемоникалық әдістерді қолдан

Мнемотехника — бұл ақпаратты жақсы есте сақтауға көмектесетін әдістер жүйесі. Мысалы, ассоциациялар құру, оған сәйкес келетін рифма арқылы есімді жадта сақтау.


Фото:

Ақпарат көзі: Heroine

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше