Ақбота Сейтмағамбет ер адамның бойындағы ұнайтын қаситтері жайлы айтты

от aigerakain
Опубликовано: 31 января 2024, 15:03
Instagram: akbotanurabaykyzy

«КешYOU» тобының экс-солисті Ақбота Сейтмағамбет өзіңе деген сенімділікті қалай табуға болатынын айтты. Ол, сондай-ақ, әлеуметтік желіде нағыз ер адам қандай болуы керек деген сұраққа жауап берді.

Актрисадан қалай өзіңе деген сенімділікке жетуге болатынын сұрады.

«Адамдар барлығын сырттан іздеп, өмір бойы шаршайды, күтеді, налиды, уақыты зая кетеді. Негізінде барлық жауап ішіңізде, сенімділік сіздің ішкі әлеміңізден келеді. Бұған қол жеткізу үшін өзіңізді тануға қадам жасаңыз. Қорқыныштарыңызбен танысыңыз, анализ жасаңыз. Әлемнің сізді жақсы көруі мен қабылдауы ең әуелі сізден басталатынын саналы түрде мойындаңыз»,

деп жауап берді. 

Ақботадан ер адамнан қандай қасиеттерді көргісі келетінін сұрады. «Бір сөзділігі, шартсыз махаббаты, әдебі… Айтсаң көп, бірақ бәрін жинақтап келгенде бір сөзбен тұлғалық асыл мінезінде ғой жігітке тән», – деді актриса.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше