Ақбота Сейтмағамбет қандай адамға тұрмысқа шыққысы келетінін айтты

от aigerakain
Опубликовано: 04 октября 2023, 14:54
Instagram: akbotanurabaykyzy

Қазақстандық актриса және әнші Ақбота Сейтмағамбет екінші рет қандай адамға тұрмысқа шыққысы келетінін айтты. 

Ол әлеуметтік желіде болашақ жарының бойында болу керек қасиеттерін тізіп берді. 

Ақбота сөзінде тұратын адаммен бас қосқысы келетінін айтты. 

«Сөзі мен ісі сәйкес келетін, жауапкершілігі басым, өзіндік пікірі мен талғамы бар, тура ниетті адал жанмен тағдырымды тоғыстырсам деймін»,

деді ару. 

Ақботадан өзіңді қалай жақсы көруге болатынын сұрады. 

«Өзіңді жақсы көру ең алдымен өзің үшін жауапкершілік алудан басталады.Сенің көңіл-күйің, өмірің, тағдырың, бақытты немесе бақытсыз болуың өз шешімдеріңе де байланысты. Кез-келген дүние басыңа себепсіз келмейді. 

Барлығы үшін айналаны кінәлап, өз-өзіңнен қашып жүру мәселені жеңілдетпейді. Ең әуелі не жасасаң да, Алланың разылығы үшін деген ниет тұрсын. Ал, айналадағы адамдар ниетіңді көрсетіп беретін айна ғана. Өзін шын тауып, жақсы көрген адам айналасына да жақсы көзбен қарайды»,

деп жауап берді. 

Естеріңе сала кетейік, Ақбота Сейтмағамбет пен актер Дәурен Айдарқұлов үш жыл бұрын ресми түрде ажырасқан болатын. Одардың араларында ұлы мен қызы бар. Осы жылдың 1 қыркүйегінде экс ерлі-зайыптылар ұлын бірінші сыныпқа бірге алып келді.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше