Жаздан кейінгі көңілсіздік пен күйзелісті қалай жеңуге болады


көңілсіздік пен күйзелісті қалай жеңуге болады
Pexels: Elizabeth Zernetska

Күздің келуімен адамдар күштерінің азайғанын, апатияны сезінеді.

Бұл көбінесе шуақты күндердің азаюымен және Д дәруменінің жетіспеушілігімен байланысты деп хабарлады Алматы қаласының № 4 БП жалпы практика дәрігері Динара Қалиева.

«Енді жаз аяқталып, жаңбыр жауа бастады, шуақты күндер баяу азайып, көпшілігіміз күштің азаюуын, апатияны сезіне бастадық. Бұл біздің денемізде D дәрумені күн сәулесінің әсерінен өндірілетіндігіне байланысты. Оның жетіспеушілігі иммунитет пен күштің төмендеуінен байқалады», — деп түсіндірді дәрігер. 

Осы жағдайлардың алдын алу үшін Динара Калиева ұсынады: 

  • таза ауада жиі серуендеу, түскі ас кезінде далаға шығып келуге тырысу; 
  • үйде немесе кеңсені табиғи жарықтандырумен қамтамасыз ету; 
  • дәрумендер мен микроэлементтерді жеткілікті мөлшерде алу арқылы дұрыс тамақтану.

«Физикалық белсенділік маңызды: адам неғұрлым белсенді болса, қан соғұрлым жақсы айналады, мидағы оттегі ағыны артады, бұл оның жұмысын жақсартуға көмектеседі. Оның ішінде эндорфин–бақыт гормоны көбірек өндіріледі. Егер біз осы қарапайым ережелерді ұстанатын болсақ, көңілсіздік, күйзеліс бізді айналып өтеді», — деп қосты сарапшы.


Фото: Pexels

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше