38 жастағы Аружан Жазылбекова сұлулығымен таң қалдырды

Қазақстандық актриса Аружан Жазылбекова желіге жаңа образдағы фотосуреттерін жариялады. Жанкүйерлер оның әйгілі итальяндық кино жұлдызына ұқсайтынын атап өтті.

АА
Арайлым Ақан
28 января 2025

Аружан Жазылбекова
Instagram: @arujazz
38 жастағы Аружан Жазылбекова сұлулығымен таң қалдырды

Instagram: @arujazz

Аружан Жазылбекова әлеуметтік желіні белсенді жүргізетін адамдардың қатарына жатпайды. Оның сирек жүктейтін суреттеріне жанкүйерлері қуана-қуана пікір жазады.

Бұл жолы отандық кино жұлдызы ақ-қара фотосуреттерімен бөлісті. Аружанның шашы айтарлықтай қысқарғанын байқауға болады, ол бұрымын артқа тарады, сонымен қатар макияждан бас тартты.

«Жасанды интеллект болмағанына рахмет», «Біздің Моника Беллуччи», «Аружан, сен қандай әдемі, жұмбақ, нәзіксің», «Басында бұл жасанды интеллект деп ойладым. Аружан, сен әдемісің», «Сұлу қыз», «Ең әдемі қазақ қыздарының бірі», – деп жазды желі қолданушылары.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше