
Ең қорқынышты корей дорамаларын ұсынамыз.
Егер еуропалық және американдық қорқынышты фильмдерді көріп тастаған болсаң, онда корей туындыларына назар аударатын уақыт келді.
Незнакомцы из ада (2019)
Ұзақтығы: 60 минуттан тұратын 10 серия
Рөлдерде: Ли Дон Ук, Им Ши Ван, Ли Чон Ын, Пак Чжон Хван, Ли Хен Ук және басқалар.
Жас жігіт Сеулге көшіп, Airbnb-де — 5/10 рейтингі бар жатақханаға орналасады. Жалғыздық оны тірідей жейді, бірақ әрқайсысы қорқынышты құпияны жасыратын көршілерден жақсы.
Сериалдағы актертерлер өз рөлдерін жоғары дәрежеде орындап, көрермен назарын аударта алған.
Королевство (2019-2021)
Ұзақтығы: 2 маусым (12 серия 50 минут) + арнайы эпизод 92 минут
Рөлдерде: Чжу Джи Хун, Пэ Ду На, Ким Сан Хо, Чон Чжи Хен, Пак Бен Ын және басқалар.
Егер Джордж Ромеро корей болса, онда ол осы драманың авторы болар еді. Зомби-вайбаның азиялық стильмен үйлесуі туындының бүкіл әлемде танылуына себеп болды.
Мұрагер ханзада Ли Чан әкесінің жас жұбайына қарсы саяси күреске кіріседі, ал дәрігер Со Би таңқаларлық қорқынышты жаңалық ашады. Ханзада мен дәрігер Чосонды зомби шабуылынан құтқару керек екенін түсінеді, ал мемлекет басындағы адамдар оларға көмектесуге асықпайды.
Проклятый (2020)
Ұзақтығы: 60 минуттан тұратын 12 серия
Рөлдерде: Ом Джи Вон, Сон Дон Иль, Чо Мин Су, Хен Сын Мин және басқалар.
Басты кейіпкер — Чжин Хи, оның тергеуі «Лес» IT компаниясының төңірегінде өрбиді. Төраға шаман деп айтылады, ал мистикалық күштер компанияның істеріне араласып, қорқынышты әбігерге түседі.
Мистикалық қорқыныш — бұл керемет жанр, әсіресе сериалдың сценарийі қызық болса. Кейбір жерлерде тым созылып кеткен сияқты, бірақ оны кешіруге болады.
Ақпарат көзі: The Girl