Қазақстандық Әлішер Сүлейменов әлемнің үздік шахматшысы Магнус Карлсенді сенсациялық түрде жеңді.
23 жастағы Сүлейменов Дохада өтіп жатқан Qatar Masters Open турнирінде әлемдік рейтингтің бірінші нөміріне қарсы ойнады. Екінші турда біздің отандасымыз апсет жасап, тарихи жеңіске жетті.
«Қандай сезімдемін? Менде жауап жоқ. Осы уақытқа дейін бұл шындық екеніне сене алмаймын. Ойын алдында мен тең ойын болса, қуанатын едім дедім, тіпті жаттықтырушы маған бұл туралы айтты»,
деді қазақстандық ойыннан кейін.
Сенсациялық жеңілістен кейін Магнус Карлсен әлеуметтік желілерде матчтың кейбір сәттеріне жауап берді.
«Мен керемет ойын өткізген және жеңіске лайық болған қарсыласымды ешнәрсеге кінәлағым келмейді, бірақ шынымды айтсам, қарсыласымның ойынның басында сағат таққанын көргенде, мен концентрацияны жоғалттым.
Мен бұл ойларды дұрыс шеше алмағаным үшін жауапкершілікті өз мойныма алатыным анық, бірақ ұйымдастырушылардың әлі күнге дейін кейбір нәрселерге салғырт қарайтыны өте өкінішті.
Ойын барысында мен төрешіден сағаттарға рұқсат етілгенін сұрадым, ол аналогтық сағаттарға емес, ақылды сағаттарға тыйым салынғанын түсіндірді»,
деді ол.
Әлішер Сүлейменов Павлодардан шыққан, FIDE әлемдік рейтингінде 528-ші орында. Өткен жылы ол шахмат олимпиадасында ұлттық құрамада ойнады.
Фото: Unsplash