23 жастағы қазақстандық ару Оксфордта сабақ беретін болады

Оксфорд университетінің докторантурасында білім алып жүрген қазақстандық Меруерт Бижанова Teaching Fellow академиялық лауазымына тағайындалды.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 24 декабря 2025, 10:35
Оксфорд Меруерт
Instagram: @meruyert_bizhanova

Өзінің ғылыми зерттеулерімен қатар, Меруерт университет студенттеріне сабақ береді. Бұған дейін ол Пенсильвания университетінде (University of Pennsylvania) магистратураны тәмамдаған.

2025 жылы Меруертке Penn Global Student Citizenship Award сыйлығы табысталды. Бұл марапат университет тарапынан шетелдік студенттерге академиялық және қоғамдық өмірге қосқан үлесі үшін беріледі. UPenn тарихында бұл сыйлықты қазақстандық студент бұрын-соңды алмаған.

Меруерт Бижанова Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебін және Nazarbayev University-ді бітірген соң, оқуын шетелде жалғастырды. АҚШ-та білім алу барысында ол ғылыми-зерттеу жобаларына қатысып, оқытушы ассистенті болып жұмыс істеді әрі студенттік өзін-өзі басқару қызметіне белсенді араласты. Қазіргі таңда Оксфорд университетінде салыстырмалы және халықаралық білім беру бағыты бойынша PhD бағдарламасында оқып жүр.

Teaching Fellow лауазымы ғылыми жұмыспен қатар, оқу барысына тікелей қатысуды көздейді.


Фото: Instagram

Дереккөз: Ulysmedia

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше