
Pexels: Ari Roberts
Нейл-блогерлер мен маникюр шеберлері танымал тырнақ дизайнынан бас тартуды ұсынады. Жазда олар әдемі қою түсті тырнақтарды, қыста жарқын реңктерді таңдауға кеңес береді. Маникюрдің дәстүрлі емес түрлері өте батыл және сәнді көрінеді, бірақ ешкім таныс түстерді қолдануға тыйым салмайды. Сондықтан қыста қою тырнақармен жүріп үлгер. Керемет нұсқа – өрік түстес дизайн мен аураның үйлесімі, оған алтын қоссаң, керемет жарасады.

Pexels: Polina Tankilevitch
Негізгі түс ретінде қою күлгінді таңда. Онымен тырнақтарыңды бірнеше қабатпен боя, сонда лак өткізбейді. Кейін губкамен ашық аура бейнесін жаса. Мұны аэропуффингке арналған арнайы құралмен жасаған ыңғайлы. Сосын алтын жұлдызша тәрізді жапсырғыштарды қосып, үстінен жылтырмен бекіт. Нәтижесі қыстай жарқырап, өте әдемі болады!
Фото: Pexels
Дереккөз: TheGirl