2025 жылғы Уимблдонда қазақстандық теннисшілер қанша табыс тапты?

от adminPMG
Опубликовано: 14 июля 2025, 08:12
Уимблдонда теннисшілер табыс

Instagram: @lenarybakina

2025 жылғы әйелдер арасындағы Уимблдон турнирі өз мәресіне жетті. Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева осы турнирде қанша сыйақы алғанын білейік.

The Sun басылымының мәліметінше, турнирдің жалпы жүлде қоры шамамен 72,6 миллион АҚШ долларын құрады.

Юлия Путинцева жарысты алғашқы айналымда аяқтағаны үшін 90 мың доллар сыйақы алды.

Үшінші айналымға өткен спортшылардың әрқайсысы 206 мың доллардан алды. Осы қаржылай сыйақыны Елена Рыбакина да иемденді, ол жарыстың 1/16 финалында жарыс жолынан шығып қалды.

Айта кетейік, 2025 жылғы Уимблдон чемпионы атанған Ига Швёнтек шамамен 4 миллион доллар табыс тапты. Финалда польшалық теннисші америкалық Аманда Анисимованы 6:0, 6:0 есебімен ойсырата жеңді.


Фото: Instagram

Дереккөз: TengriSport

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше