2025 жылдың соңына дейін сәннен шықпайтын трендтегі алты шалбар түрі

от adminPMG
Опубликовано: 19 августа 2025, 11:25
2025 трендтегі шалбар

Instagram: @sofiamcoelho

Гардеробыңды жаңартқанда, тек трендтерді емес, сонымен қатар ешқашан ескірмейтін киімдерді де ескеру маңызды. Мысалы, бүгінгі күні өзекті болып тұрған кейбір шалбар түрлерін 2025 жылдың соңына дейін еркін киюге болады.

Мұндай киімдер – гардеробқа нағыз инвестиция, себебі оларды жазғы, күзгі және тіпті қысқы образдарға да оңай үйлестіруге болады. Біз қазір сәнде тұрған әрі желтоқсанға дейін өзектілігін жоғалтпайтын үлгілердің тізімін жасадық.

Ашық түсті джинс шалбар

Instagram: @manondevelder

Көк джинс шалбар әрқашан классика болып саналады, ал ашық реңктегі түрі – нағыз тренд. Мұндай үлгілер ең қарапайым образдың өзін бірден сәнді етіп көрсетеді. Ең бастысы – биік белді, кең пішімді модельдерді таңдау. Сонда ақ немесе крем түстері жамбасты үлкенірек етіп көрсетпейді. Әрине, бұл күз бен қыс басы үшін аса қолайлы нұсқа емес. Дегенмен,көше құрғақ күндері кисең, шалбардың балағы таза қалады.

Тік пішімді спорттық шалбар

Instagram: @chelsey_weimar

Спорттық шалбарлар бұрын тек жаттығу киімі ретінде қарастырылатын. Ал қазір оларды кез келген образға қосамыз: жайлы күртешелермен де, классикалық жекеттермен де үйлестіреміз. Қазір сәнде кең әрі тік пішімді түрлері. Ыңғайлы болу үшін бірден жылы төсемі бар нұсқасын таңдауға болады. Онда мұндай шалбарды салқын тамыз кештерінде, кейін күз және қыс айларында да кие аласың. Тек джоггерлер мен легинстерден бас тарт – оларды күнделікті образға үйлестіру әлдеқайда қиын.

Костюмдік шалбарлар

Instagram: @linda.sza

Офискор тренді біртіндеп ұмытылып бара жатса да, гардеробта костюмдік шалбардың болғаны маңызды. Тығыз матадан тігілген, әмбебап түсті түрлерін таңда: қара, сұр, крем немесе құм реңктері мінсіз. Ал ақ түстен бас тартқан жөн – олар тым көзге түседі. Фасон бойынша да қатты тәжірибе жасамаған дұрыс. Тік немесе клеш пішінді модельдерді таңда – оларды кез келген стильге бейімдеу жеңіл. Тек жүннен жасалған нұсқаларды алма, себебі күздің ортасына дейін оларда қатты ыстық болады.

Тығыз матадан тігілген бриджи

Instagram: @sofiamcoelho

Қысқа шалбарлар – 2025 жылдың басты хиті. Өте сәнді каприлерді жылы образдарға үйлестіру қиын. Ал қайтадан сәнге оралған кең бриджилер сәнді образға оңай сіңеді. Жұқа тері, твид немесе жүн секілді тығыз матадан жасалған нұсқаларды таңда. Ал джинс бриджилерден бас тарту керек – олар жаздық образбен қатты байланысты және күзге жарамайды. Суық күндер келгенде трендтегі үлгілерді тізеге дейінгі етікпен және тығыз ішкі қабатпен, мысалы, легинстермен үйлестіруге болады.

Екі жағында жолақтары бар шалбарлар

Instagram: @lara_bsmnn

Биылғы тағы бір тренд – сызықтары бар киімдер. Жолақтары бар детальдар тек спорттық шалбарда ғана емес, костюмдік немесе деним үлгілерде де кездеседі. Ең бастысы, модельдің кең пішімді болуы. Маңызды деталь: жолақтар екі үлгіде мүлде үйлеспейді – скинни мен буткат шалбарда. Себебі тығыз пішім спорттық элементтің мәніне қайшы.

Буткат үлгісі

Instagram: @emilisindlev

Көк джинс шалбардан бас тартқың келмесе, бірақ трендті үлгі іздесең, буткатқа назар аудар. Oversize тренді біртіндеп өзектілігін жоғалтуда, сондықтан белді айқындайтын модельдер қажет. Дене пішінінің пропорциясын бұзбау үшін белі биік нұсқаны таңда. Тағы бір маңызды деталь – шалбардың ұзындығы. Ол сирақтан жоғары болмауы тиіс, әйтпесе аяқтарың қысқа болып көрінеді.


Фото: Instagram

Дереккөз: Grazia

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше