
Осы айда біз Конституция күнін атап өтеміз.
Ол 30 тамызда тойланады және бұл күн демалыс күні. Биылғы күн жұмаға сәйкес келетіндіктен, демалыс күндері төмендегідей болады:
- Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 30, 31 тамыз және 1 қыркүйекте демалады. Жалпы, сенбі-жексенбі күндерін есепке алғанда (1 қыркүйекпен бірге) 11 күн демалады;
- Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 30 тамыз демалыс, 31 тамыз жұмыс күні, 1 қыркүйек демалыс болады. Жалпы, бұл айда 6 күн демалады.
Тамыз айында басқа да мерекелер бар:
- 4 тамыз (тамыздың бірінші жексенбісі) – Көлік қызметкерлері күні;
- 10 тамыз — Абай күні;
- 11 тамыз (тамыздың екінші жексенбісі) — Құрылысшылар күні;
- 18 тамыз — Шекарашылар күні;
- 25 тамыз (тамыздың соңғы жексенбісі) — Шахтерлер күні;
- 29 тамыз — Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні.
Фото: Unsplash