
Шаш қиюды қалайсың, бірақ күнді таңдай алмай жүрсің бе? Тамыз айында шаш қию үшін ең қолайлы күндер туралы айтып береміз.
Тамыз — шашпен тәжірибе жасау кезеңі. Кейбіреулер демалысқа барады, сондықтан демалу алдында жаңа шаш қиюды немесе бояуды жөн көреді. Ал, басқалары оқуға немесе жұмысқа дайындалып жатыр және жаңа маусымға дейін жаңа имидж іздейді. Иә, жай ғана шашты жаңартуға және шаш ұштарын қиюға болады!
Сен сән салонына барарда тек шаштаразбен ғана емес, сонымен қатар ай күнтізбесімен де кеңес. Айдың фазалары шаштың өсуіне әсер етеді, сондықтан егер сен шаш қиғаннан кейін жақсы әсер алғың келсе, күнтізбеге назар аудар. Әрине, оған шаш үлгісі үшін жауапкершілікті толығымен жүктеудің қажеті жоқ, бірақ сен оны міндетті түрде есіңе сақта.
2024 жылдың тамызында шаш ұштарын кесуге қолайлы күндер
Ұзын шашты көптеген қыздар шаштаразға ұзындығын жаңарту үшін барады: шаш пішінін түзетуге және ұштарын кесуге. Бұл шашты ұқыпты етіп көрсету үшін қажет, сондықтан, тіпті, бұрымдарын беліне дейін өсіретіндер де сән салонына баруға мәжбүр.
Егер сен де шаштарыңды тезірек өсіргің келсе, онда шаш маманына баруды елемеуге болмайды. Тек дұрыс күнді таңда, яғни Ай бірінші немесе екінші тоқсанда болатын күн. Тамыз айында шаш қию үшін қолайлы күндер 5, 6, 8, 10, 15 және 17-де болады.

2024 жылдың тамызында қысқа шаш қию үшін қолайлы күндер
Салонға жиі бару — қымбат. Және бұл өте көп уақытты алады: сүйікті шаштаразға қолайлы уақытқа жазылу, шаштаразға бару үшін күнделікті тәртіпті реттеу, сән салонындағы бір сағат. Кейде сен шаш қиғаннан кейін онымен мүмкіндігінше ұзақ жүруді қалайсың, келісесің бе? Қысқа шашты ұнататын арулар оны түсінеді, өйткені шаш тез өсіп, пішінін жоғалтады.
Шаш үлгісін ұзақ сақтағың келсе, 24 немесе 31 тамызда сән салонына бар. Бұл күндері ай азайып бара жатқан фазада, яғни шаш сәл баяу өседі.
Тамыз айында шашпен тәжірибе жасау үшін қолайлы күндер
Шашпен тәжірибе жасау — әрқашан керемет. Сен батыл және сәнді болсаң, әртүрлі шаш үлгісін жасай аласың. Сонымен, сыртқы келбеттіңнің кезекті рет өзгеруіне дайындалып жатсаң, онда сән салонына барудың қолайлы күндері — 6, 7, 8 және 17 тамыз.
2024 тамызында шаш қию үшін қолайсыз күндер
Ай күнтізбесінде шаш қырқу күндерінің көпшілігі бейтарап. Күн сайын шаш шеберіне баруға болады және шаш үлгісімен қорқынышты ештеңе болмайды. Бірақ, шашпен ештеңе жасамау керек күндер бар. Айдың соңында шаш қию мен бояуға жазылма: 23 және 30 күндері — 2024 тамызындағы шаш қию үшін қолайсыз күндер.