
Келесі жылы қай тырнақ үлгісі трендте болатыны жайлы айтамыз.
Егер сіз 2023 жылы алғашқы маникюріңізді жоспарлауды әлі бастамасаңыз, онда сіз не істеп жүрсіз? Қалжың. Біз сізге сәнді маникюр идеяларын алдын ала айтуды шештік. Маникюр шеберлері Наоми Ясуда, Рита Пинто және Мисс Поптың айтуынша, келесі жылы сәнде болатын тырнақ үлгілері.
3D-маникюр

Дуа Липа мен американдық рэпер Megan Thee Stallion қазірдің өзінде 3D маникюр жасатып алған және Наоми Ясуданың айтуынша, тренд тек танымал бола бастады. «3D эффектісі тырнақ өнерін жандандырады және адамдарға ұнап жатыр», - дейді ол.
Аэрографпен градиент

«1990 және 2000 жылдары тырнақ өнеріндегі аэрография өнері өте танымал болды, енді ол қайта оралды. Мәселе мынада, адамдар сол кездерді, соның ішінде өткен онжылдықтардағы стильді еске түсіруде. Сондықтан дайындалыңыз: аэрографпен жасалған дизайн (градиент сияқты) келесі жылы өте танымал болады», — дейді Ясуда.
Табиғи маникюр

Көптеген блогерлер үй жағдайындағы маникюрге ауысуда және көбінесе мөлдір лактарды таңдайды. Олар тырнаққа арналған консилер деп аталады. Шын мәнінде, бұл сүт реңктегі тырнақты нығайтатын құралдар — TikTok-та маникюрдің бұл түрі танымалдылықтың шыңында.
Текстуралық дизайн

Бірақ бәрі де «жалаңаш» тырнақтармен жүруді ұнатпайды. Сондықтан текстуралық маникюр қарқын алуда— велюр немесе көлемді мөлдір гелі бар дизайн. Онымен жүру ыңғайсыз сияқты, бірақ ол шынымен өте сәнді көрінеді.
Металл тырнақтар

Металл қазір танымалдылықтың шыңында — киімде де, макияжда да, маникюрде де. Сондықтан бәрі қайтадан күміс тырнақтармен жүріп кетсе таң қалмаңыз.
Фото: Instagram/ @lirislaw/ @saskiafenwick/ @mannequin.hands/ @nailsbymei/ @nycnailsroom