Жаз — бұл шаш қиюға арналған тамаша уақыт және бұл үшін саған біздің ай күнтізбеміз көмектеседі.
Жаз қызу жүріп жатыр сен — өзіңнің «to-do» парағыңдағы жоспарланғанның көп бөлігін орындадың деп үміттенеміз, егер жоқ болса, онда нен күтіп жүрсің? Жақында жаздың жартысы артта қалады. Егер, сенің тізіміңде «қысқа шаш қию» немесе «ашық бояу жасау», тіпті, «ұштарын кесу» деген жолдар болса, онда назар аудар!
Өйткені, ай сайын біз сендермен ай күнтізбесі жүйесіне негізделген белгілі бір шаш процедуралары үшін ең жақсы күндерді анықтауға көмектесетін шаштараз күнтізбесімен бөлісеміз. Жүйе дегеніміз не және ол қалай жұмыс істейді — әрі қарай айтайық.
Жазда шаштың мінсіз көрінуі өте маңызды — сен өзіңіңнің perfect girl summer образыңды бүлдіргің келмейді — сондықтан ай күнтізбесі өте қолайды. Сондықтан, саған қажет процедура үшін ең қолайлы күндерді белгілеп алуға дайындал және шаш маманың жазыл (ол әлі демалыста емес). Жаздың қалған бөлігін керемет өткізуде және, әрине, тегіс және сау шаш тілейміз!
Ай күнтізбесі дегеніміз не және ол қалай жұмыс істейді?
Ай күнтізбесі жүйесінің өзі айдың ағымдағы фазасын, жұлдыз жорамал белгісін және ол орналасқан шоқжұлдызды салыстыруға негізделген. Осы деректерді жинақтай отырып, астрологтар әртүрлі шаш процедуралары үшін қолайлы және қолайсыз күндерді анықтайды. Бұл жүйе ғылыми тұрғыдан дәлелденбеген, бірақ шаш пен айға байланысты нанымдар бір ғасырдан, тіпті мыңжылдықтан да көп.
Адамдар «жұмыс істемейтін» заттарды өте тез түрлендіреді — сымды телефондар смартфондарға айналды, баспа машинкалары принтерге айналды, ал біз бетімізге қызылша емес, қызартатын арнайы бояу жағамыз... барлық жұмыс істемейтін заттарды адам өзгертуге бейім, бірақ міне парадокс: шашты ай фазасына сәйкестендіру дәстүрі біздің дәуірімізге дейін пайда болып және мен бүгінгі күнге жетті.
Қысқа шаш қию үшін қолайлы күндер
Егер, сен өзіңе ұзақ уақыт бойы қысқа шаш қиюды қаласаң, онда сәт келді! Жылдың ең еркін және әсерге толы уақытында қимағанда, өзгерістерге қашан жол бересің? Сен қыркүйек айында оқуға оралсаң, онда сыныптастарыңмен кездескенге дейін, өзіңе сенімді болу үшін жаңа имиджіңе үйренуге бір ай болады уақыт қалады.
Сонымен, шілдеде қысқа шаш қию үшін ең қолайлы күндер мыналар: 12, 17, 21, 30.
Шашпен тәжірибе жасау үшін қолайлы күндер
Біреу осы жазды максимумға дейін пайдалануды шешкен сияқты. Бірақ, сен келбетіңнің күрт өзгеруін жоспарласаң, онда өте сақ болуың керек, өйткені бір ғана дұрыс емес қадам — бәрі қисық болып шығады. Сондықтан, біздің күнтізбемізбен сақтан. Сонымен, шілде күндері ең жарқын және батыл шаш шешімдері үшін: 3, 5, 6, 15 және 18.
Шаш қию үшін қолайсыз күндер
Ай күнтізбесі бізге «сәтті» шаш қию күндерін ғана емес, «сәтсіз» күндерді де ескертеді. Мұның көптеген себептері болуы мүмкін — кейде ай жаңа шаш қиюды ұнатпайды, ал кейде оның қазіргі жұлдіз жорамал белгісі жағымсыз болып келеді... қалай болғанда да, шілдеде бірнеше күндер бар, сол кезде ешкім ешқандай шаш күтімін жоспарламауы керек — 2, 7, 14 және 16.
Назарыңды басқа нәрсеге аударған дұрыс, мысалы, педикюр жаса, жаттығуға немесе велосипедпен жүр, ал шаштаразға басқа күні жазыл!
Фото: Spotlight