
Жұлдыздар күз айында махаббатын кездестіретін жұлдыз жорамал белгілерін анықтады.
Қыс мезгілі неғұрлым жақын болса, соғұрлым суық тезірек келіп, түндер созылады. Енді бос уақыттың көп бөлігі қараңғы уақытта өтеді. Суық кезде жаныңда жылулық сыйлап жүретін сүйіктің болғаны керемет емес пе?
Тоқты
Тоқтылар өткенді жібермейтін сияқты. Ретроградтық Венера болған кезде, бұрынғы сүйіктіңе қайта қосылғың келген шығар. Кейде қателік жіберуге болады, бастысы сол қателіктен сабақ ала білу және саған шын мәнінде керек адам үшін күресе білу.
Торпақ
Торпақтарға үміттеніп жүргендердің қатары қазан айында арта түседі. Солардың арасынан ниеті түзу адамды таңдау сенің қолыңда. Жұлдыздар бұрыңғы танысың бола ма, әлде жаңа адам ба анықтамады, бірақ су белгі мүшелері болмайтыны анық. Сендерді ортақ қызығушылық немесе жұмыс жақындатады, сондықтан жаныңда жүргендерге назар аудар.
Таразы
Таразы қазан айы бойы жақсы көңіл-күйде жүреді және оны айналасындағылардың бәрі сезінеді. Жақында жұлдыздар сені кіммен табыстыратыны жайлы білесің, ол адаммен бұрыннан таныс болуың мүкін. Ең бастысы — өз жүрегіңді тыңдап, онымен қарым-қатынас орнатқың келе ме, жоқ па, соны шешу. Кейін өкініп қалмау үшін өзіңді алдама.
Фото: Unsplash