Алматы полициясы концерттік билеттерді сатып алаяқтықпен айналысқан қылмысты әшкереледі.
Оны жасағкн 18 жастағы алматылық жігіт, ол билет сататын компанияның ресми өкілінің атын жамылып, азаматтарды алдаған.
Ол онлайн әрекет етті: Instagram-да билеттерге тапсырыс қабылдады. Әлеуметтік желіде кеңінен таралу үшін ол СММ-менеджер жалдады.
Күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта Алмалы ауданының ПБ-да алданған азаматтардың өтініштері қабылданып, ҚР ҚК 190-бабы
«Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс тіркелді.
«Олардың кейбіреулеріне алаяқ 50 Cent концертіне билеттерді сатты»,
делінген хабарламада.
Фото: Shutterstock