Әйелдер оргазмы туралы түсінігіңді өзгертетін 10 қызықты дерек

от adminPMG
Опубликовано: 15 июля 2025, 09:50

Pexels: Alexandria Denison

Әйелдер оргазмы – адам ағзасындағы ең күрделі құбылыстардың бірі. Ол көбіне физикалық емес, психологиялық деңгейде өтеді. Себебі, ең басты ләззат орталығы жыныс мүшесінде емес, миымызда орналасқан.

Біз әйел оргазмы туралы ең қызықты, таңғаларлық және күтпеген деректерді ұсынамыз.

  1. Деліткіні ынталандыру – әйелдер оргазмға жетудің ең жиі қолданылатын және ең сенімді тәсілі. Әйелдердің тек 30%-ы ғана қынаптық жыныс қатынасы кезінде қосымша деліткіні стимуляциясыз оргазмға жете алады. Оргазм саны бойынша рекорд 2006 жылы Лондонда тіркелген: бір әйел мастурбация кезінде бір сессияда 49 рет оргазм алған.
  2. Бұл неге байланысты? Бір негізгі ереже бар: деліткі мен қынап арасындағы қашықтық қаншалықты қысқа болса, қынап арқылы оргазм алу мүмкіндігі соншалықты жоғары. Себебі, деліткі де қосымша қозады. Бірақ бұл — оргазмға жетудің жалғыз жолы емес.
  3. Әйелдер ұтып тұр! Орта есеппен әйелдердің оргазмы 20 секундтан асады, ал ер адамдардікі небәрі 3-10 секундқа ғана созылады.
  4. Оргазмнан кейін ұйқың келетінін байқадың ба? Бұл табиғи құбылыс. Оргазмнан кейін денеде пролактин гормоны бөлініп, ұйқыға тартады. Жыныстық қатынастан кейін бұл гормон 4 есе көбірек бөлінеді, сол себепті мастурбациядан кейін мұндай әсер аз байқалады.
  5. Ғалымдар әлі күнге дейін әйелдер не үшін оргазм алатынын нақты білмейді. Кейде біз ғалымдар әлемдегі барлық нәрсені зерттеп қойған сияқты сезінеміз. Алайда шын мәнінде, әйелдердің сексуалдылығын зерттеу жұмыстары салыстырмалы түрде жақында ғана басталған. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, әйелдер оргазм арқылы өзіне ең жақсы серіктесті анықтайды және баласының әкесін таңдайды деп түсіндіреді. Ал басқа ғалымдар әйелдердің оргазм алуы — эволюциялық кездейсоқтық деп санайды.
  6. «Оргазм — бұл кішкентай өлім». Француз тілінде оргазмды білдіретін эвфемизмдердің бірі — «le petit mort», бұл сөз тіркесі тура мағынасында «кішкентай өлім» дегенді білдіреді. Ал шын мәнінде, «оргазм» сөзі гректің «orgasmos» сөзінен шыққан, ол тура аударғанда «ылғалданып көтерілу, рақатқа бөлену» деген мағынаны береді.
  7. Жастың ұлғаюы оргазм алуға кедергі емес. Тіпті 90 жастағы әйелдер де оргазм ала алады. Дегенмен, жасы ұлғайған сайын оргазм ұзақтығы қысқарады.
  8. Керісінше, жас ұлғайған сайын оргазмға жету жеңілдейді. Дәрігер Хербниктың айтуынша, жасы үлкен әйелдер өз денесін жақсырақ танып, қалауын дұрыс түсінеді. Мысалы, 18-24 жастағы әйелдердің 61%-ы соңғы жыныстық қатынас кезінде оргазм алса, 45-50 жастағы әйелдер арасында бұл көрсеткіш 70%-ға жетеді.
  9. «Неге үйленген ер адамдар саны тұрмысқа шыққан әйелдерге қарағанда аз?» Ескі анекдотты еске түсірейік: халық санағы бойынша үйленген ер адамдардың саны тұрмысқа шыққан әйелдерге қарағанда екі есе аз деп айтылады. Ал оргазм мәселесінде жағдай керісінше. Бір зерттеудің нәтижесі бойынша, ер адамдардың 85%-ы «менің серігім оргазм алады» деп айтса, әйелдердің тек 64%-ы (кейбір деректерде 57%-ы) ғана серігімен жыныстық қатынас кезінде оргазм сезінетінін мойындаған. Сексологтар мұны «оргазмдық алшақтық» немесе ағылшынша «orgasm gap» деп атайды.
  10. Ойлануды доғар! Оргазм кезінде миымыздағы бүйірлік орбитофронтальды қыртыс «өшеді» — бұл аймақ тура сол көзіңнің артында орналасқан. Әдетте, бұл бөлік мінез-құлықты бақылауға және біз «сау ақыл» деп атайтын қабілетке жауап береді. Оргазм кезінде миымыз бізге: «Ойлауды тоқтат! Ләззат ал!» деп тұрғандай әсер қалдырады.

Фото: Pexels

Дереккөз: Новый очаг

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше