
Фотограф: Карина Захаркова
Қазақстандық актриса әрі әнші Ақбота-Нұр Сейтмағамбет күтпеген өзгерісімен жанкүйерлерін таңғалдырды – бұрынғы «КешYOU» тобының мүшесі сары шашты аруға айналды.
Ақбота-Нұр ашық түсті шашымен жарқырады. Жаңа суреттерді Instagram парақшасына жариялады. Жанкүйерлер екіге бөлінді: бірі бұл өзгерісті мақұлдаса, енді бірі қара шаш көбірек жарасатынын атап өтті.
«Бұл фотолар Ақботаның қайталанбас тұлға екенін дәлелдейді. Стиль, сұлулық, сезім – бәрі көрініс тапқан», «Сіз нағыз Барби сияқтысыз. Мұндай сұлулық тек ертегілерде болады деп ойлаушы едім», «Тек әйел ғана бір суретке нәзіктік пен махаббатты сыйғыза алады», «Қар патшайымы», «Нағыз Рапунцель», «Таңғаларлық!», «Бұл түс өзіңізге жарасып тұр», «Шашының түсі жас қосқандай», «Өз шашыңыз жақсырақ, әрине, бірақ өзгеріс те қажет», – деп жазды желідегілер.
Фото: Instagram