
Pexels: Paul Groom Photography Bristol
UFC жекпе-жек ұйымының танымал спортшысы Шавкат Рахмоновтың жұбайы жол апатына ұшырап, нәтижесінде екі адам көз жұмды, тағы екі адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.
Бұл мәліметке қатысты полиция түсініктеме берді.
«2025 жылдың 27 шілдесінде сағат 08:50 шамасында республикалық маңызы бар Алматы — Екатеринбург автожолының 299-шақырымында Toyota Land Cruiser 200 маркалы автокөлігінің жүргізушісі, Қарағанды облысы бағытынан Алматы қаласына қарай келе жатып, рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кетті»,
делінген ресми мәлімдемеде.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Полиция қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Көлік арнайы тұраққа қойылған.
HALYQSTAN басылымының мәліметінше, көлікті тізгіндеген адам — спортшының жары Гулайым Рахмонова. Ол 2022 жылы туған ұлымен және құрбыларымен Қарағандыдан Алматыға жол тартқан. Апат салдарынан жолаушылардың бірі, 39 жастағы З.А. оқиға орнында қайтыс болды. Ал 35 жастағы А.С. Мойынқұм аудандық ауруханасына жеткізілу жолында көз жұмды.
Гулайым Рахмонова мен ұлы Шу қалалық ауруханасына жеткізіліп, травматология бөліміне жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, екеуінің де жағдайы – орташа ауырлық дәрежесінде.
Фото: Pexels
Дереккөз: NewTimes