
Instagram: @mango
Жазғы аяқ киім енді жайлылық пен сәннің арасында таңдау жасауды қажет етпейді: вьетнамкалар ресми түрде жағажайдан шығып, қалалық киім үлгілерін сәнді ететін must-have затқа айналды.
The Row-дан бастап Hermès-ке дейінгі подиумдарда резеңке мен былғарыдан жасалған классикалық түрлері миди-белдемшелермен, классикалық шалбарлармен, тіпті кешкі көйлектермен де үйлесе киілуде. Демек, оларды кез келген киіммен киюге болады!
Минимализмді ұнататындарға — былғарыдан тігілген үлгілер ұсынылады. Ұстамды дизайн, жалпақ табан, жұқа баулар — бәрі Эгей теңізінің жағалауындағы демалысты еске түсіреді. Көптеген жергілікті брендтер де қанық түстердегі резеңке вьетнамкалардың заманауи нұсқаларын ұсынады: сұр, хаки, шоколад. Ал батыл образдар үшін — ерекше табаны немесе архитектуралық өкшесі бар жарқын үлгілер тамаша таңдау болады.

12STOREEZ, 12storeez.com

Proenza Schouler, farfetch.com
Бүгінде саусақ арасына ілінетін жеңіл аяқ киімдер — жай ғана жағажай үшін емес, бұл — таңдау еркіндігі. Минималистік Zara-дан бастап, талғампаз әрі ойнақы TOTEME-ге дейін — ELLE Kazakhstan редакциясы назар аударуға тұрарлық сәнді түрлерін ұсынады.
Zara (KZT 28 990)

Mango (KZT 32 990)

COS (KZT 115 000)

TOTEME (KZT 181 000)

BY FAR (KZT 166 000)
Фото: ресейл-платформалары