Меруерт Камалиденова шахматтан әлем кубогында сенсациялық жеңіске қол жеткізді

от adminPMG
Опубликовано: 11 июля 2025, 06:26
Меруерт Камалиденова шахматтан әлем кубогында

Instagram: @m_kamalidenova

Қазақстандық шахматшы Меруерт Камалиденова шахмат әлеміндегі ең мықты ойыншылардың бірі — Александра Горячкинаны жеңіп, Батуми (Грузия) қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының басты жаңалығына айналды.

Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) ресми сайты таратқан мәлімет бойынша, 19 жастағы Камалиденова 2023 жылғы Әлем кубогының жеңімпазы және әлем чемпионатының финалисі Горячкинаны көзбе-көз кездесудің алғашқы партиясында ұтып кеткен. FIDE баспасөз қызметі бұл жеңісті «күннің тосынсыйы» деп атады.

«Сабырлы ойын, дәл есеп және 59-шы жүрісте қарсыласының берілгені — бұл керемет партия мен айқын жеңіс!»,

деп мәлімдеді Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі.

Батумидегі әйелдер арасындағы Әлем кубогы бес күннен бері жалғасуда. Камалиденова алғашқы кезеңнен сәтті өтіп, 64 үздік ойыншының қатарына енді. Егер ол Горячкинамен матчтың қорытындысында жеңіске жетсе, 50 мың АҚШ доллары (шамамен 25 миллион теңге) көлеміндегі бас жүлде үшін күресті жалғастырады.


Фото: Instagram

Дереккөз: TengriSport

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше