Күн сайын қымыз ішсең, ағзаңда не өзгереді?

от adminPMG
Опубликовано: 19 июня 2025, 06:39
қымыз ішсең

Pexels: Charlotte May

Ғылыми зерттеулер бие сүтінің құрамында дәрумендер сиыр сүтіне қарағанда 10 есе көп екенін көрсеткен. Оның құрамында А және Е дәрумендері, В және С топтарының дәрумендері, кальций, фосфор, фолий және пантотен қышқылдары бар.

Иммунитетті күшейтеді

Қымыздың құрамындағы С дәрумені иммунитетіңді нығайтады, ағзаның вирус пен түрлі инфекцияларға қарсы қорғанысын арттырады. Бұрын адамдар цинга сияқты ауруларды дәл осы қымызбен емдеген.

Тіс пен сүйекті қатайтады

Қымыздың құрамында кальций мен фосфор бар — бұл элементтер тістерің мен сүйектеріңді берік етеді.

Қан айналымын жақсартады

Егер қымызды тұрақты ішсең, қан айналымың жақсарады. Құрамындағы Е дәрумені холестеринді төмендетіп, атеросклероздың алдын алады. Бұрынғы емшілер қымызды қан аздыққа да қолданған.

Жүйке жүйесін күшейтеді

Қымызда болатын В1 дәрумені (тиамин) жүйке жүйеңнің дұрыс жұмыс істеуіне көмектеседі. Оның арқасында жүйке жасушалары күні бойы қажетті глюкозаны алады. Егер ағзада тиамин аз болса, жүйке жасушалары әлсіреп, зақымдана бастайды. Сондықтан қымыз ішіп жүрсең, жүйкең тыныш болады, ал ми жасушалары қартаюдан қорғалады. Ол есте сақтау қабілетің мен зейініңді сақтауға да көмектеседі. Тиамин жетіспесе, Альцгеймер ауруы пайда болуы мүмкін.

Арықтауға көмектеседі

Бие сүтінің калориясы төмен, сондықтан диета ұстап жүрсең, қымызды ішуден қорықпа. Оның құрамында сиыр сүтіне қарағанда екі есе аз ақуыз және 1,5 есе аз лактоза бар. Сол себепті бие сүті ана сүтіне жақын. Тіпті, балалар тағамын жасау үшін де қолданады. Құрамындағы ақуыз ағзаңа тез сіңеді.

Ерлердің қуатын арттырады

Бұл ақпарат жігіттер үшін: қымыз потенцияны жақсартады және ағзадағы жасушалардың қалпына келу процесін тездетеді.

Зәр айдайды

Қымыздың несеп айдайтын қасиеті бар. Ертеде Авиценна қымыздың көмегімен бүйрегінде тас бар адамды емдегені белгілі. Сондықтан қымызды тамақтан бұрын немесе тамақтан кейін 1-1,5 сағат өткен соң ішкен дұрыс.

Асқазанды емдейді

Қымыз асқазан жарасын, гастритті және ұйқыбез ауруларын емдеуге көмектеседі. Оның құрамындағы пантотен қышқылы осыған себеп. Сонымен қатар, қымыз асқазан уланғанда да жақсы көмектеседі.

Теріңді жасартады

Қымыз теріңнің жас әрі сау болуына ықпал етеді. Тіпті қымызбен жасалатын нәрлендіргіш бет маскалары да бар.


Фото: Pexels

Дереккөз: Yujanka.kz

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше