
Instagram: @lara_bsmnn/@linda.sza
Ең қарапайым жазғы образ — зығыр жейде мен шолақ шалбарға сәнді әшекейлер қоссақ, ерекше көрінеді. Бірақ, үнемі өзгеріп тұратын сән ағымдарын қадағалау оңай емес. Біз сенің wish-листіңде (тілек тізіміңде) міндетті түрде болуы керек 5 сәндік бұйым жинадық.
Басбау

Instagram: @florettenacer
Егер басбау тек суық күндері образды құтқарады деп ойласаң, қателесесің. Қыста олар көбіне құлақты суықтан қорғап, шаш үлгісін сақтап тұру үшін қолданылады. Ал, жазда басбау кез келген қарапайым киімді сәнді ете алады. Басқа жақсы жабысатын, созылмалы матадан тігілген нұсқаларды таңда. Ең бастысы — басбау тым кең болмауы керек, өйткені ыстықта жайсыздық тудыруы мүмкін. Трендтегі түстерге назар аудар: пастельді «кәмпит түстері», сондай-ақ айқын алқызыл мен лимон түстері сәнде екенін еске саламыз.
Манжет-білезіктер

Instagram: @hoskelsa
Соңғы жылдары қыздар білезіктерді ұмытып бара жатқан еді — назар көбіне сәнді сырғалар мен алқаларға ауды. Бірақ, бұл үрдіс өткен маусымда өзгерді: 2000 жылдардың стиліндегі үлкен манжет-білезіктер қайтадан трендке айналды. Оларды білекке де, шынтақтан жоғары да тағуға болады. Бақытымызға орай, олардың пішіні, көлемі және формасы әртүрлі болуы мүмкін — сәнде әрі жалпақ, әрі кең металл білезіктер де, сондай-ақ көлемді ағаштан жасалған нұсқалар да бар. Ең сәнділерінің қатарында — қоңыр және сүт түстес шыныдан жасалған ерекше сәнді түрлері.
Сөмке-алқа
Сөмке мен алқаның гибриді — бірден екі міндетті атқаратын керемет аксессуар. Ішіне ұсақ, бірақ маңызды заттарыңды — мысалы, далап пен кілтіңді салып жүре аласың. Сонымен қатар, қарапайым киім үлгісіне ерекше сән береді. Әсіресе ұзын, пішіні ерекше, бауы жіптен немесе шынжырдан жасалған түрлері трендте. Ең бастысы — ол көзге бірден түсуі керек. Сондықтан батыл түстерді таңдаудан қорықпа.
Акцентті белдік

Instagram: @linda.sza
2025 жылы белдік тек киімді ұстап тұру үшін ғана қажет емес. Қазір ол кез келген образды сәнді ете алатын басты сәндік бұйымдардың біріне айналды. Сәнде түрлі нұсқалар бар: Y2K стиліндегі үлкен тесіктері бар белдіктер, металл гүлдер мен жұлдыздармен әсемделген айшықты тізбекті белдіктер, жалпақ тоқыма белдіктер.
Үлкен әшекей бұйымдар

Instagram: @svedae
Биылғы жазда үлкен сырғалар сәнде — гүл, жүрек, жұлдыз немесе тамшы пішінінде. Сонымен бірге, асимметриялы сырғалар да өзекті: бір құлақта — кішірек сырға, екінші құлақта — көзге бірден түсетін үлкен шеге сырға. Құлағың тесілмеген болса, мойынға тағатын үлкен чокер немесе алқаны таңда. Сән әлемінде қазір бохо стиліндегі массивті тастармен безендірілген, бірнеше қабатты әшекейлер де сұраныста.
Фото: Instagram
Дереккөз: Grazia