
Instagram: @erke_esmahan
Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан жуырда үшінші рет ана атанып, ұлына арналған дәстүрлі «қырқынан шығару» рәсімін өткізді.
Ұлттық нақышта безендірілген көк, ақ және алтын түсті жастықтар мен көрпелер, ұлы Батырдың есімі жазылған күміс ыдыс-аяқтар — бәрі де осы ерекше рәсімге арналып дайындалған. Кішкентай сәбиге арналған салт-дәстүр қазақы үлгіде жоғары деңгейде ұйымдастырылған.
«Батыр баламызды екі әжесі қырқынан шығарып, бесікке салды. Әулеттің үлкендерінің берген батасы қабыл болсын. Батырым атына заты сай, иманжүзді жігіт болып өссін. Өзім қандай әппақпын, жүрегім де дәл сондай. Сондықтан ақ тілегімді қабыл алыңыздар»,
деп жазды Ерке өз парақшасында.
Сонымен қатар, ол сәби күтіп жүрген жандарға жақын арада қуанышты күн тілеп, жүрекжарды лебізін білдірді.
Әншінің жанкүйерлері де ізгі тілектерін аямады:
«Құтты болсын! Балапан қуаныш сыйласын», «Батыр шын мәнінде батыр болып өссін», «Балапанның ғұмыры жарқын болсын», – деп жазды желі қолданушылары.
Фото: Instagram