
Instagram: @aiaru_bb
Баян Алагөзованың қызы Айару Бақытбек Instagram желісіндегі оқырмандарымен ашық әңгімелесіп, өз қызығушылықтары мен хоббилері туралы бірқатар сұрақтарға жауап берді.
Желі қолданушыларының бірі Айарудың қазіргі таңда қандай кітап оқып жүргенін сұрады. Ол бірнеше рет қайталап оқып жүрген Сомерсет Моэмнің «Острие бритвы» атты романын ерекше жақсы көретінін айтып, сол шығармадан алған әсерімен бөлісті. Әсіресе, мына бір дәйексөз оған ерекше ой салған.
«Өзің үшін ең дұрыс өмір сүруді үйренуден асқан пайдалы не болуы мүмкін?».
Сұхбат барысында білім тақырыбы да қозғалды. Айару әзірге магистратураға түсуді нақты жоспарламағанын, бірақ болашақта ондай мүмкіндік болуы мүмкін екенін айтты. Егер оқуға түссе, ол Чикаго қаласын таңдайды. Себебі дәл сол жақта оған ұнайтын оқу орны орналасқан.
Хоббиіне келсек, Айару соңғы кезде гольф ойнау мен тауға серуендеуді ерекше ұнатып жүргенін айтты. Бұған дейін ол тәтті тағамдар пісіруге әуес болғанымен, соңғы 2–3 айда бұл іспен айналыспаған.
«Қазір гольф ойнау мен тауға шығу қатты ұнайды. Тәттілер пісірмегеніме 2–3 ай болды, бірақ бұл менің жанымда терең орныққан хобби, сондықтан ерте ме, кеш пе, оған міндетті түрде қайта ораламын»,
деді Айару.
Фото: Instagram
Дереккөз: Almaty Tv