
Голливуд актрисасы фильмдегі түсірілім ерекшеліктері мен әйгілі қуыршақ туралы айтты. Марго Робби (Margot Robbie) душ бөлмесіндегі эпизодқа байыпты дайындалғанын айтты.
Марго картинада басты рөлді сомдады. 32 жастағы актриса Барбидің үйін дәл қайталайтын қуыршақ декорациясында жұмыс істеуге мәжбүр болды. Алып қызғылт сарайда адамдар күнделікті өміріне қажет кейбір заттар болған жоқ.
Марго жуынатын бөлмені түсіру кезінде қиындыққа тап болған, өйткені Барбидің үйінде су құдыбралы болмаған. Сюжет бойынша кейіпкер Роббиге душ қабылдау керек болды. A-list жұлдызы режиссерлік идеяны жүзеге асырудың өзіндік әдісін ойлап тапты. Актриса модельдер душқа арналған гельді жарнамалайтын ескі видеоларды мұқият қарап шықты.

Робби жуыну бөлмесінде түсірілімнің үзіндісін көрсетті. Актриса жалаңаш тұрып, шашын жоғарыға жинады. Брэд Питттің «Вавилон» фильміндегі серіктесі суды ашқандай кейіп танытты. Марго душ қабырғасының артында жалаңаш кеудесін жауып, жақыннан суретке түсті.
«Барби әлемінде, әрине, су жоқ. Бірақ, ол бәрібір душ қабылдайды. Мен жай ғана ескі radox жарнамаларын іздедім және оны қайталауға тырыстым», — деп түсіндірді Марго.
Актриса Барбидің үйінің макетін мұқият зерттегенін айтты. Алайда, ол жерге алғаш кірген кезде жарқын эмоцияларды бастан өткерді. Оның пікірінше, декорациялар «сюрреалистік» болып көрінген.
Фото: Кадры из трейлера