
Ұлыбританияда үш баланың анасы 44 жастағы Карла Фостер жүктілікті кеш тоқтатқаны үшін 14 айға бас бостандығынан айырылды.
Әйел жүктіліктің 32-34-ші аптасында болған кезде түсікке арналған дәріні қабылдады. Ұлыбританияның 1861 жылғы заңына сәйкес, мұндай әрекеттерді тек 24-ші аптаға дейін жасауға рұқсат етіледі.
Фостер жүктілікті тоқтату ниетімен дәрі-дәрмектерді қолданды деген айыппен кінәсін мойындады, бұл аталған заңда жеке адамға қарсы қылмыс болып саналады. Нәтижесінде ол түрмеге жабылды.
Фостер бір жыл екі айдан кейін бостандыққа шыға алады, бірақ содан кейін ол тағы 14 ай бойы белгілі бір ережелерді сақтауға міндетті болады.
Бұл оқиға Британдық қоғамда пікірталас тудырды. Көптеген саясаткерлер мен қоғам белсенділер соттың шешімімен келіспеді және түсік тастау туралы заңнаманы қайта қарау қажеттілігін мәлімдеді.
Фото: Unsplash