
Аптасына бірнеше рет жүгіру немесе жаттығу залына бару — дене шынықтырудың тамаша тәсілі. Бірақ егер бұған уақыт болмаса ше?
Сарапшылардың пікірінше, жаттығуларды үй жұмыстарына сәйкес келтіруге болады — қалай жасауға болатынын есте сақта.
Еңкейгенің орнына отырып тұр
Жеке жаттықтырушы Джеймс де Лейсидің айтуынша, отырып тұру — бұл көптеген бұлшықеттерді іске қосатын ең пайдалы жаттығулардың бірі. Ол үй тазалау кезінде еңкейгеннің орнына отырып тұруға кеңес береді — мысалы, төменгі шкафтардың есіктерін сүрту немесе еденнен бірдеңе көтеру.
Шаңсорғышты жылдамдат
Үйді тазалау кезінде калорияларды кетірудің тағы бір жолы — едендерді әдеттегіден тезірек сору. «Шаңсорғышты көбірек күш пен қарқынмен қолдан», — деп кеңес береді Джеймс. «Осылайша сен әдеттегі тұрмыстық әрекетті кардио жаттығуларына айналдыру арқылы жүрек соғу жиілігін арттырасың».
Фитнес жаттықтырушысы Мэтт Калкотт-Стивенс тағы бір лайфхакты пайдалануды ұсынады: «Пәтерде жай жүрудің орнына, екі аяққа кезекпен отырып жаттығу жаса — осылайша сен тепе-теңдік дағдыларын жетілдіре отырып, аяқтарың мен бөкселеріңді жаттықтырасың», — дейді ол.
Шаң сүрткен кезде биле
«Би — кардио жаттығуларының ең қызықты түрлерінің бірі. Шаңды сүрткен кезде сүйікті музыкаңды қой және биле — бұл сенің көңіл-күйіңді көтереді және көп калорияларды кетіруге көмектеседі», - деп кеңес береді жеке жаттықтырушы Дэниел Кастильо.
Көбірек жүр
Үй жинағанда, сен жиі бөлмеден бөлмеге ауысасың. Бірақ қадамдар санын көбейтуге болады — мысалы, заттарды бір-бірлеп алып жүру. «Бұл жүрек соғу жиілігін көтерудің және өзіңді сергек ұстаудың тамаша тәсілі»,- деп санайды де Лейси.
Ыдыс жуған кезде балерина болып көр
Ыдыс жуу — калорияларды кетірудің және бұлшықетті нығайтудык тағы бір мүмкіндігі. «Мен ыдыс-аяқты жуған сайын, үнемі аяқтың ұшына көтерілемін, содан кейін өкшемді еденге қайта түсіремін — бұл керемет балтыр бұлшықеттеріне арналған жаттығу», - дейді Мэтт.
Ауырлатқышты ки
Үй тазалау кезінде сен көптеген заттарды көтеріп, алып жүруің керек. Бұл процесті қиындатқың келе ме? Қолдарың мен аяқтарыңа ауырлатқыш ки — қарапайым тұрмыстық жұмыстар кезінде қолдарың мен аяқтарыңды қаншалықты жақсы жұмыс істей алатынын көресің.
Фото: Pexels