
Иә, бұл сериалды бәрі күтті, бірақ бірнеше эпизод шыққаннан кейін көбінің көңілдері қалды. Атап айтқанда, әнші The Weeknd пен Лили-Роуз Депптің төсек сахнасынан кейін.
Режиссер Сэм Левинсонның «Эйфория» шоуы қазіргі заманның көрнекті серияларының біріне айналғаннан кейін, бәрі оның жаңа «Идол» сериялының шығуын күтті. Басты рөлде атақты The Weeknd және Джонни Депптің қызы Лили-Роуз Депп болғаны да көрермен назарын аудартты.
Сюжет жас эстрада әншісінің (Лили-Роуз Депп) және жасырын культтің көшбасшысы болып шыққан (The Weekend) түнгі клуб иесінің ғашық болу тарихына негізделген. Оқиға орны — түнгі клубтар, сәнді үйлер және кештер.
Алдымен сериал Канн фестивалінде сыншылардың теріс бағасына ие болды: олар тым ашық және пайдасыз жыныстық қатынас көріністерінен басқа ештеңе жоқ деп айтты. Көбінесе жанкүйерлердің пікірлері кәсіпқойлардың пікірлерімен сәйкес келмейді, бірақ бұл жолы пікірлер бір-біріне сәйкес келді. Екінші серияда актерлер жыныстық-сахнаны көрсеткеннен кейін, сынның астына қалды.
«Шынымды айтсам, бұл шоу біреудің зорлау туралы қиялына ұқсайды. Мен ешқашан The Weeknd-ді қалыпты түрде қабылдай алмаймын. Ол өте бұзық, бірақ мен оның музыкасын бұрын жақсы көретінмін»,
деп жазды жанкүйер Twitter-де #theidol тегімен.
Басқа қолданушылар әншінің халықаралық деңгейде киноға түсуіне тыйым салу керек деп айтуда. Лили Роуз-Депп-ті де сынауда .
«Мен не жаман екенін білмеймін — Лили-Роуздың жасанды ойыны ма, ол шын мәнінде мұндай актерлік ойынымен поп-айдолға айнала алмайды немесе The Weeknd-тің жағымсыз бұрмалануы және олардың ақылсыз диалогтары ма?»,
деп жазды тағы бір қолданушы.
Фото: Instagram: @theidol