
Аты аңызға айналған Твигги сұхбат беріп, қартаюға қарсы күтімі жайлы айтты.
1960-шы жылдардың жұлдызы 73 жастағы Ласли Лоусон (оның шын аты) өзінің қалай қартайып жатқаны ұнайтынын айтты.
«Мен пышақтың астына түспедім, өйткені мен әжімдерімді мақтан тұтамын. Мүмкін мен кейінірек беттімді тарттыратын шығармын, оны жоққа шығармаймын. Бірақ ботокс пен филлер дегендер мен үшін емес», - дейді Твигги. Оның тағы бір рецепті — аптасына бір рет пилатес. Дене бітімінен гөрі денсаулық үшін: «Жаттығу мені арқа ауруынан құтқарды, сол үшін жасаймын».
Сұхбатында Твигги сонымен бірге әрдайым ұстанатын бьюти-хакпен бөлісті — жоғары SPF өнімдерін қолданады және күн шуақты күндері міндетті түрде бас киіммен шығады, тіпті шашын да күннен жасырады.
Фото: Instagram: @twiggylawson