
Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітов Шанхай халықаралық кинофестивалінде «Үздік режиссер» номинациясын жеңіп алды.
Айсұлтан Сейітов Шанхайдың 25-ші мерейтойлық халықаралық кинофестивалінде «ҚАШ» дебюттік картинасымен «Үздік режиссер» номинациясын ұтты.
«ҚАШ» фильмі қысқа тізімге еніп, Asian New Talent санатындағы бірден үш номинацияға іліккен еді:
Best Film — Aisultan Seitov
Best Director — Aisultan Seitov
Best Script Writer —Ablay Nurmanbetov
Фестиваль бағдарламасында картинаны Айсұлтан, Qara Studios бас продюсері Еркебұлан Күрішбаев және сценарий авторы Абылай Нұрманбетов ұсынды.


«ҚАШ» фильмінің түсірілімі 2020 жылы басталып, 2022 жылы фильм Қазақстанда кең прокатқа шықты. Фильмді көрермендер жылы қарсы алды, сондай-ақ қазақстандық киносыншылардың бірқатар марапаттарын алды. Картина 1931-1933 жылдардағы қазақ даласындағы жаппай ашаршылықты екі ағайындының жеке тарихы арқылы баяндайды.
Шанхай кинофестивалі, кең халықаралық бағдарламасы бар Қытайдың ең ірі кинофестивалі, 2023 жылдың 9-18 маусымы аралығында өтеді және беделді халықаралық кинофестивальдердің бірі болып табылады.
Фото: Instagram @aisultan